Пайдаланушы келісімі және дербес деректер

 

Төменде келтірілген https://knowhae.com сайтын пайдалану қағидаларымен («Қағидалар») мұқият танысып шығуыңызды өтінеміз.

Бұл парақшада сайтты пайдаланушының («Пайдаланушы») https://knowhae.com ақпараттық порталын («Сайт») пайдалануын реттейтін шарттар сипатталған. Пайдаланушы сайтта тіркелгенге дейін осы қағидалармен толық танысуға міндетті. Пайдаланушыны сайтта тіркеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес пайдаланушының осы қағидаларды толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді.

Қағидалар кез-келген уақытта сайт иесімен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін болғандықтан, пайдаланушыға қағидалардың жаңартылуын үнемі қадағалап отыру ұсынылады. Осы қағидаларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін пайдаланушының сайтты пайдалануын жалғастыру пайдаланушының осындай өзгерістерді және/немесе толықтыруларды қабылдауын және олармен келісуін білдіреді.

1. Зияткерлік меншік

Сайт «Такеда Қазақстан» ЖШС («Takeda») қолдауымен жұмыс істейді, сондай-ақ ол сайттың иесі болып табылады (сайттың иесінің мекен-жайы: 050000, Алматы, Шашкин көшесі, 44-үй). Мақалаларды, иллюстрацияларды, экран суреттерін, бейнероликтерді, графикалық элементтерді, логотиптерді және басқа файлдарды («Контент») қоса алғанда, осы сайттың барлық мазмұны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қорғалған және Takeda немесе басқа құқық иеленушілердің зияткерлік меншік объектілері болып табылады.
Takeda-ға тиесілі контентті сайтқа заңды түрде орналастыру арқылы. мұндай пайдалану құқық иеленушінің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін немесе зиян келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, Takeda пайдаланушыға мұндай контентті тек жеке коммерциялық емес пайдалану мақсатында қарау, шығару (оның ішінде көшіру), қайта өңдеу (оның ішінде көшірмелерді басып шығару) және басқа да құқықтарды пайдалану арқылы ерекше емес құқықты ұсынады.
Takeda контентін пайдаланудың көрсетілген құқығы пайдаланушыға тек авторлық белгілердің барлығы немесе авторлық туралы басқа да ескертулер сақталған, сондай-ақ контенттің барлық көшірмелерінде мынадай ақпарат орналастырылған жағдайда ғана беріледі:  «https://knowhae.com» © 2022. «Такеда Қазақстан» ЖШС, 050000, Алматы, З. Шашкин к-сі, 44-үй. Барлық құқықтар қорғалған».
Осы қағидаларда рұқсат етілгеннен немесе құқық иеленушінің мұндай пайдалануға айқын келісімі болған жағдайдан басқа, құқық иеленушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз сайтты немесе контентті кез келген мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Егер осы қағидаларда өзгеше анық түрде белгіленбесе, осы қағидалардағы ештеңе контентке айрықша құқықтарды беру ретінде қарастырылмайды.

2. Медициналық сипаттағы ақпарат және сайтта орналастырылған өзге де ақпарат

Осы сайт Takeda терапевтік бағыттары бойынша денсаулық сақтау мамандары мен пациенттерді ақпараттандыру үшін жасалған ақпараттық-білім беру жобасы болып табылады. Көрсетілген ақпарат тек анықтама мақсатында ғана берілген және ешбір жағдайда дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
Сайтта орналастырылған ақпарат ешқандай жағдайда дәрігердің кеңесін алмастырмайды, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің жарнамасы емес.
Пайдаланушының осы сайтта алынған медициналық сипаттағы ақпаратқа байланысты туындаған кез келген сұрақтары бойынша немесе ауруларға қатысты өзге де сұрақтар бойынша әрдайым дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.
Сайтта орналастырылған ақпарат науқасқа күтім жасау және белгілі бір ауруларды емдеу жөніндегі нұсқаулық болып табылмайды. Кәсіби медициналық көмекке ешқашан салғырт қарауға болмайды немесе пайдаланушы сайтта оқыған ақпаратқа байланысты дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды.
Сайттағы ақпарат түпкілікті емес және барлық аурулар, сырқаттар, физикалық жай-күйлер, симптомдар немесе оларды емдеу туралы деректерді қамтымайды. Сайтта ұсынылған барлық деректер, сауалнамалар немесе тесттер тек анықтама үшін орналастырылған және ешқандай жағдайда дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Кез-келген сырқатты немесе ауруды диагностикалау немесе емдеу үшін сайттағы ақпаратты пайдаланбаңыз.
Шұғыл аурулар немесе оларды емдеу туралы ақпарат алу үшін сайтты пайдаланбаңыз. Бұл сайт кез-келген шұғыл ауруларды диагностикалауға немесе емдеуге жарамайды. Егер сізге шұғыл көмек қажет болса, дереу дәрігерге қаралыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Ешбір жағдайда, оның ішінде сайтта көрген немесе оқыған ақпаратты пайдалана отырып, өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз.

3. Интернет желісіндегі басқа сайттарға сілтемелер

Takeda міндеттемелері мен жауапкершілігі сайтта орналастырылған сілтемелерді пайдалана отырып, өтуге болатын үшінші тұлғалардың сайттарына қолданылмайды. Takeda-ның Takeda-дан толықтай тәуелсіз болып қалатын үшінші тұлғалардың сайттарының мазмұнын бақылау мүмкіндігі жоқ.
Ешбір жағдайда Takeda үшінші тұлғалардың сайттарының мазмұны үшін жауап бермейді, осындай сайттардың мазмұнын мұқият зерттеумен, тексерумен немесе мақұлдаумен айналыспайды және олардың мазмұны, жарнамасы, өнімдері және осы сайттарда немесе олар арқылы қолжетімді басқа компоненттер үшін жауап бермейді.
Түсінбеушілікті болдырмау үшін пайдаланушы сайттан немесе онда орналастырылған сілтемелер бойынша ақпаратты немесе өзге файлдарды жүктеу, сондай-ақ кез келген файлдарды, оның ішінде бағдарламалық жасақтаманы пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауы тиіс.

4. Дербес деректер және құпиялылық туралы ережелер

Сайтта тіркелген кезде немесе сайтта әлеуметтік желідегі менің пайдаланушы парақшамның логині мен құпия сөзін енгізу арқылы авторизациядан өткен кезде, пайдаланушы БСН 101140005730, «Такеда Қазақстан» ЖШС-не («Takeda») осы қағидалардың 4-бөлімінде көзделген тәртіппен және шарттар бойынша пайдаланушыға сайт функционалын пайдалануға рұқсат беру мақсатында, оның ішінде сайттың функционалы мен бөлімдерін қолдауға және жақсартуға, сондай-ақ сайттың жаңа функционалы мен бөлімдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін осындай деректерді тексеру, зерттеу және талдау мақсатында еркін, өз еркімен және өз мүддесінде оның дербес деректерін өңдеуге хабардар етілген келісімін («Келісім») береді.
Дербес деректер деп сайтта тіркеу нысанын толтыру кезінде пайдаланушының берген барлық дербес деректері түсініледі.
Дербес деректерді өңдеу деп жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (ұсынуды, қолжетімділікті), соның ішінде дербес деректерді трансшекаралық беруді, иесіздендіруді, бұғаттауды, кетіруді және жоюды қоса алғанда, дербес деректермен автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттердің (операциялар) жиынтығы түсініледі.
Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Takeda пайдаланушының дербес деректеріне тек осы ақпарат сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және пайдаланушыға оны пайдалануға рұқсат беру үшін қажет Takeda қызметкерлеріне, мердігерлеріне және агенттеріне қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Takeda пайдаланушы ұсынған ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде пайдаланушылардың заңсыз және/немесе құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу және/немесе жолын кесу мақсатында) пайдалануға құқылы.
Сайтта тіркеле отырып, пайдаланушы өзінің дербес деректерін жоғарыда көрсетілген мақсаттарда өңдеу үшін Takeda-ға, оның ішінде трансшекаралық түрде беруге, сондай-ақ осындай мердігер мен Takeda арасында жасалған шартты орындау мақсатында сайтқа қатысты техникалық қолдауды және өзге де қызметтерді жүзеге асыратын Takeda уәкілетті мердігеріне өзінің келісімін растайды. Takeda пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Келісім дербес деректерді трансшекаралық беруге де қолданылады және дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қоспағанда, дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді қамтиды.
Осы келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарды орындау үшін қажетті кезең ішінде немесе оны кері қайтарып алу сәтіне дейін немесе пайдаланушының сайттағы есеп жазбасын жойған сәтке дейін қолданылады. Пайдаланушы кез келген сәтте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы келісімді кері қайтарып алуға құқылы.
Келісімді кері шақыру үшін Kazakhstan@takeda.com электрондық поштаға немесе 050000, Алматы, Шашкина көшесі, 44 үй адресіне хат жаза аласыз.
Осы келісім электрондық поштаны/e-mail, SMS-хабарламаларды, push-ескертулерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, әртүрлі байланыс арналары арқылы жаңалықтар хабарламаларын алуға қолданылады.

5. Тыйым салынған пайдалану

 Пайдаланушыға тыйым салынады:

• тиісті контенттегі авторлық белгілерді немесе басқа авторлық туралы ескертулерді контенттің кез келген көшірмесінен жою;

• Takeda-ның алдын-ала жазбаша келісім болмаған жағдайда, контенттің мазмұнын иеліктен шығару, жаңғырту, өзгерту немесе өзгертуге тырысу, сондай-ақ, егер сайттың өзінде қарастырылмаса, контентті кез-келген басқа адамның пайдалануын қоса алғанда, жалпыға қол жетімді, коммерциялық, білім беру немесе жеке пайдалану үшін контентті жаңғырту, көпшілікке көрсету, тарату немесе басқаша пайдалану;

• сайттан алуға болатын HTML кодын немесе басқа бағдарламалық жасақтаманы басып шығару немесе көшіру;

• Takeda-ның алдын-ала жазбаша рұқсаты болмаса, басқа серверде сайттың айна көшірмесін жасау;

• сайттың зақымдалуына, оның өшірілуіне, шамадан тыс жүктелуіне, сайттың жұмысының нашарлауына, қауіпсіздіктің бұзылуына немесе сайттың жұмыс істеуіне теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін немесе өзге тәсілмен сайтқа немесе сайттың құрамына кіретін немесе осы сайт арқылы кіруге болатын, онымен байланысты кез келген қызметтерге, жүйелік ресурстарға, аккаунттарға, серверлерге, желілерге зиян келтіретін жолмен сайтты пайдалану. Бұл тыйым компьютерлік вирусты, «трояндық ат», «құрттар» сияқты зиянды жүйені немесе ықтимал қауіпті, жойқын немесе сайт құрылымына шамадан тыс немесе пропорционалды емес үлкен жүктемелер тудыруы мүмкін басқа файлдарды немесе компьютерлік бағдарламаларды жүктеуді, орналастыруды немесе сайтқа жіберуді қамтиды;

• сайттан ақпаратты толық немесе ішінара бақылау, көшіру, жинақтау немесе басқа жолмен алу үшін боттарды, аралау бағдарламаларын немесе басқа автоматты бағдарламаларды, құрылғыларды немесе қолмен манипуляцияларды қолдану;

• осы сайтқа қатысты үшінші тұлғалардың ақпаратын пайдалану немесе қолдануға тырысу, осы сайтта жұмыс істеу үшін жалған жеке куәлікті жасау немесе пайдалану;

• басқа тұлға немесе кәсіпорын ретінде әрекет ету немесе пайдаланушының кез-келген жеке немесе заңды тұлғамен байланысын басқаша бұрмалау немесе сайтқа немесе оның жалпыға бірдей пайдалануға жабық бөліктеріне рұқсатсыз қол жеткізуге тырысу;

• пайдаланушыға тиесілі емес немесе иесі оны тіркеуге рұқсат бермеген электрондық пошта мекен-жайын пайдалану;

• толық емес, жалған немесе нақты емес ақпаратты, оның ішінде толық емес, жалған немесе нақты емес сауалнамалық деректерді ұсыну;

• авторлық құқықты, сауда маркаларын, коммерциялық құпияларды, жеке өмірді немесе үшінші тұлғаның басқа да құқықтары мен мүдделерін бұзатын немесе оған қол сұғатын немесе оны орналастыру қылмыстық жазаланатын немесе азаматтық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басқаша түрде бұзатын кез келген заңсыз, қауіпті, қорлайтын, беделін түсіретін, жала жабатын, әдепсіз немесе заңсыз контентті орналастыру немесе беру.

Пайдаланушы осы құжатпен сайтты пайдалану кезінде өзі жасаған әрекеттер немесе әрекетсіздік және оларға берілген ақпарат үшін толық жауапкершілікті өзіне алады, сондай-ақ сайтты пайдалануды реттейтін, онда орындалған жұмыстар мен іс-әрекеттерді және контентке қатысты барлық заңдарды, нормалар мен қағидаларды ұстануға міндеттенеді.

6. Сайттың қолжетімділігі

Осы құжат арқылы Takeda пайдаланушыға төмендегілер туралы хабарлайды: (i) сайттың жұмыс істеуін қандай да бір ақауларсыз қамтамасыз ету техникалық мүмкін емес және Takeda бұл міндеттемені өзіне ала алмайды; (ii) сайттың ақаулары сайттың уақытша қолжетімсіз болуына әкелуі мүмкін; сондай-ақ (iii) Takeda басқара алмайтын оқиға және/немесе әрекеттер, мысалы, деректерді беру және байланыс тәсілдері сайттың жұмысына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Takeda және/немесе оның мердігерлері техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру және/немесе сайтты жақсарту және/немесе өзгерту үшін бүкіл сайттың немесе оның қандай да бір бөлігінің жұмысын уақытша немесе тұрақты түрде кез келген уақытта өзгерте немесе тоқтата алады. Takeda сайттың қандай да бір өзгеруіне, уақытша тоқтатылуына немесе бұзылуына жауап бермейді.

7. Қорытынды ережелер

Сайт пен оның контенті Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және осыған байланысты кез келген даулар Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясына тиесілі.
Осы қағидалар сайтты пайдалану тәртібіне, оның контентіне және функционалына қатысты пайдаланушы мен Takeda арасындағы келісімді құрайды және пайдаланушы мен Takeda арасындағы барлық алдыңғы келісімдерді алмастырады.
Осы қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелуі және түсіндірілуі тиіс. Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.
Осы қағидаларды орындаумен байланысты қандай да бір даулар немесе келіспеушіліктер туындаған кезде, пайдаланушы мен Takeda олардың арасында келіссөздер жүргізу арқылы оларды реттеу үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерді жұмсауға міндеттенеді. Егер қандай да бір дау немесе келіспеушілік келіссөздер жолымен шешілмесе, осы дау немесе келіспеушілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкердің орналасқан жері бойынша төрелік сотта шешілуге тиіс.
Осы қағидалар пайдаланушы үшін оған қосылған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзім ішінде қолданылады.
Егер қандай да бір себептер бойынша осы қағидалардың бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, бұл қағидалардың қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

8. Сайтты шығару шарттары

Сайттың иесі - «Такеда Қазақстан» ЖШС, мекен-жайы: 050000, Алматы, З. Шашкин көшесі, 44-үй.